Вакцинацияның маңыздылығы күн сайын талқылануда. Екпе алу арқылы сіз өзіңіздің иммунитетіңізді қорғап қана қоймай, сонымен қатар медициналық көрсеткіштерге байланысты егіле алмаған таныстарыңызға, туыстарыңыз бен достарыңызға қауіпсіз ортада болуға мүмкіндік бересіз.
Халықтың кем дегенде 70% -ы екпе алған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасады, яғни коронавирустық пандемияға тосқауыл болады.
Алайда COVID-19 вакцинасын алғаннан кейін де маска кию, қолды жиі жуу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты сақтық шараларын сақтауды жалғастырған жөн.