Ағымдағы жыл біз үшін тарихи және маңызды жыл болып табылады. Қостанай облысының екі жетекші университетінің бірігуі аяқталды және өңірдің ірі жоғары оқу орны – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті құрылды.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ кәсіби басқару және профессорлық-оқытушылық құрамының, талантты және прогрессивті жастарының арқасында Қостанай облысының танымал бренді болуға тиіс.
Сізге біріккен университеттің жаңа логотипін ұсынамыз. Оның авторы-Ақпараттық технологиялар мамандығының 2 курс студенті Жасұлан Нүсіпқан.
Логотип ұрпақтарды біріктіреді және тұрақтылықты көрсетеді:
- Жоғарғы бөлігінде, біз 1939 жылы жоғары оқу орнының негізіне айналған мұғалімдер институтын құрғандарға терең тамырымызды және құрметімізді көрсете отырып, тарихты басты орынға қоямыз.- Масақтар Қазақстанның астық қоймасына, Қостанай облысының аграрлық астығына жататынын анықтайды.
- Ортада Бас ғимарат, Қостанай облысының орталық ғимараттарының бірі орналасқан, жоғарыда «B.U.» әріптері бар. - Baıtursynuly Universıtеti - Ахмет Байтұрсынұлы университеті. Ресми атпен қатар қолданылатын жаңа бренд.
Педагогикалық институт Өмірзақ Сұлтанғазин есімін сақтап қалатынын атап өткім келеді, сонымен қатар, қалған институттар да атаулы болады.
- Шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылдың ыңғайлылығы үшін жазулар латын әріптерімен, ағылшын тілінде жазылған.
Логотип түрлі түсті шешімге ие болады және барлық іс-шараларда, тарату материалдарында және айдентикада университеттің бірыңғай логотипі болып табылады.
Жаңа бренд, ең алдымен, біздің ұлы ата-бабамыз, педагог және ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың атымен екі жоғары оқу орнының ұжымы мен студенттерін біріктіруге арналған.