Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде «Жастар мемлекеттік аппаратын қалыптастыру: жаңаша ойлауды дамыту тетігі ретінде жаңа тәсілдерді енгізу» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім бойынша тараптар ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуде бірігіп әрекет етеді.
Сондай-ақ «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасын бірігіп жүзеге асыратын болады.