П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік философтар күніне және ардагер педагог, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бағытжан Алшанованың 75-жас мерейтойына орайластырылып, «Жаңа Қазақстан - философтар миссиясы мен мәртебесі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шәкәрім университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері және Тобыл ғалымдары ИҚ мүшелері мен академия Intelekt G7 ғылыми қызметкерлері және VCG халықтық әлауқат дамыту корпоративтік қоры қатысты.
Алғашқы болып сөз алған ҚӨУ-нің Ғылыми жұмыстар, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарылғасов философтарды, сондай-ақ мерейтой иесін қүттықтады.
Дөңгелек үстелде философиялық білім беру мен оқытудың өзекті мәселелері, Қазақстан жастары өміріндегі рухани құндылықтардың маңыздылығы, қазіргі заман философиясындағы құндылықтар мәселесі сөз болды.