Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Іскендіровпен және департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаевпен кездесті.
Кездесуге «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Шунаева, сондай-ақ «Есеп және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, РhD доктор Айдар Байкин шақырылды.
Кездесу барысында біз түлектеріміздің мемлекеттік қызметке қабылдану ерекшеліктерімен таныстық, студенттерді кәсіби тәжірибеге жіберу, сонымен қатар оларды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.