А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ветеринарлық медицина және ветеринарлық санитария кафедралары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесімен түлектердің онлайн-кездесуін өткізді. Ветеринарлық медицина кафедрасының түлектеріне арналған жыл сайынғы және дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі биыл өзгеше форматта өтті. Онлайн кездесуге Университеттің Мансап және жұмыспен қамту орталығының өкілдері, кафедра оқытушылары мен соңғы курс студенттері қатысты. Жұмыс берушілерді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Берік Әлжанов таныстырды.
Берік Ақылжанұлы бос жұмыс орындары туралы және Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтты. Айта кету керек, кафедра бірнеше жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасымен тығыз қарым-қатынаста, 2017 жылдың көптеген түлектері осы аймақта ветеринария саласында жұмыс істейді.
Берік Ақылжанұлы 2020 жылғы түлектерді жұмысқа шақырды және тек жұмыспен қамтуға ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша көмек беруге уәде берді.
Еліміздің көптеген жоғары оқу орындары биыл түлектер үшін дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесін өткізбеді, ал Қостанай мемлекеттік университеті дәстүрді бұзбай, оны жаңа форматта өткізді. Онлайн-жәрмеңке барысында студенттер жұмыс берушілерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, оларды еңбекақы төлеу, ауылдық жерлердегі әлеуметтік қолдау шаралары, магистратурада оқуды мемлекеттік қызметтегі жұмыспен ұштастыру мәселелері қызықтырды.
Мұндай кездесулердің қажеттілігін атап өткен жөн, өйткені студенттер бос жұмыс орындары туралы және ветеринария саласында одан әрі жұмысқа орналасу туралы алдын-ала білетін болады.