Биылғы жылы конкурстың республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейін және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
«Үздік педагог» атағының иегерлерін таңдау үшін Конкурстық комиссияның құрамы бекітілді. Комиссия құрамында: Умарова Г.М. – Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, Абенова Г.М. - «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Нурханова Маржан Ерболқызы – Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, Түсіпжанова Дана Сатыбалдықызы, Возняк Оксана Александровна – «ADAL BILIM" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, Әкім Тұрсын – «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, Смакова Данагүл Рауиянқызы – «Оқулық» РҒПО-ның жетекші сарапшысы, Түркестанова Ляззат Мақсұтқызы – «Білімді ел – Образованная страна» газетінің бас редакторы, Қатшабаев Қуантай Амантайұлы – «Білім айнасы» газетінің бас редакторы, Сәдуақасова Жаңыл Сайлаубайқызы - «Bilim Plus» білім беру платформасының бас редакторы, Мұқашева Айгүл Мақсатқызы – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрайымы, Вильданова Сауле Аифовна – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары, Шонаева Ляззат Жаббарқызы – «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, Абиева Алия Адилханқызы – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары.
Атаулы конкурста 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілді. Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері Мұғалімдер күні қарсаңында анықталады.