object(DateTime)#1057 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-01 02:45:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ӨЗІҢДІ және БОЛАШАҒЫҢДЫ қорға!

Baitursynuly University-де Қостанай облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу ҚӨУ құзыреттілік және мансаптық өсу офисімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Экономика және құқық факультетінің студенттеріне арналған бұл семинар «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Оның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, заңға құрметпен қарау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.⠀

Спикер ретінде прокурорлар Асель Альмагамбетова мен Нургали Ахметов сөз сөйледі.

Теориямен қатар тәжірибе де қамтылды: студенттерге eOtinish платформасы көрсетіліп, мемлекеттік органдарға өтінішті дұрыс жолдау тәртібі түсіндірілді.

Сонымен бірге алаяқтық, дропперлік, фишинг және кибершабуылдар сынды құқық бұзушылық түрлері талқыланды.

Студенттер қойған сұрақтар:

– Дропперлікке қатысты жаңа заң неге бағытталған?

– Жеке мәліметтерді заңсыз қолдану мен таратуға тосқауыл қоюға бағытталған. Қазіргі уақытта мұндай фактілер облысымызда да, жалпы ел бойынша да тіркелмеген.

– Құқық бұзушылық статистикасын қайдан көруге болады?

– Ресми мәліметтер комитеттің gis.kgp.kz порталында жарияланған және баршаға қолжетімді.

Кездесуді факультет деканы Айдар Байкин қорытындылады:

– Әр істің жауапкершілігі бар. Заңды біліп, тәртіпке бой ұсыну – өзіңді де, болашағыңды да аман сақтайтын жол.

Қабылдау комиссиясы