object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 18:28:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТТАР

Ғылыми кеңестің кезекті отырысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылды. Жиынның басында биылғы оқу жылында үздік қырынан көрінген қызметкерлер мен ұстаздар, студенттер салтанатты түрде марапатталды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасымен Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ақбидаш Әбдіркенова, археологиялық зертхана меңгерушісі Андрей Логвин, Ғылым және коммерцияландыру басқармасы басшысының орынбасары Әлия Бұғыбаева және Физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Татьяна Шумейко марапатталды.

Сондай-ақ, министрдің Алғыс хаты Ғылым және коммерцияландыру басқармасының маманы Индира Айтжановаға, ветеринария кафедрасының аға оқытушысы Зұлқия Әбіловаға, қолданбалы ғылымдар ғылыми-зерттеу институты сынақ орталығының ғылыми қызметкері Бахит Бәйменовке, Ғылыми кеңестің хатшысы Мәдина Хасановаға, қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-инновациялық орталығының ғылыми қызметкері Павел Шевченкоға табысталды.

Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері ректор Сейітбек Қуанышбаевтың Алғыс хатын алды.

Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында өткен «Студенттік көктем-2023» облыстық жарысында волейболдан 1 орын алғаны үшін «Сұңқар» спорт клубының жаттықтырушысы Владимир Ташлыковқа диплом берілді.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған жарияланымдар тізіміне енген «3i: интеллект, идея, инновация» журналының қызметкерлері де Алғыс хатпен марапатталды.

Ақпан айында өрт ошағын жоюға және адамдарды құтқаруға белсене атсалысқаны, сондай-ақ өрт шыққан күні көрсеткен батылдығы, байсалдылығы және кәсібилігі үшін бір топ студенттер мен қауіпсіздік техникасының инженеріне де алғыс хаттар табысталды.  

Марапатталушылардың толық тізімімен СІЛТЕМЕ бойынша өтіп, таныса аласыздар. 

Фотоларды да СІЛТЕМЕ бойынша өтіп, жүктеп алыңыз: https://cloud.mail.ru/public/BFpi/Up7nKPsRJ

Қабылдау комиссиясы