object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:27:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Заманауи журналистика және PR-дың өзекті мәселелері

Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығын мерекелеу аясында және облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Заманауи журналистика және PR-дың өзекті мәселелері» тақырыбында IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Ұйымдастырушы – П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы. Конференция екі форматта, дәстүрлі және Zoom платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Конференцияның мақсаты – қоғамдағы жағдайлар мен ресурстардың өзгеруіне байланысты медиа саладағы проблемалық мәселелерді талдау.

Халықаралық конференцияға Қазақстанның, шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, тәжірибелі журналистер, жарнама және PR мамандары қатысты. Іс-шара аясында бірнеше бағыттар бойынша баяндамалар тыңдалды. Мәселен, қоғамның әртүрлі салаларындағы PR мен жарнаманың даму ерекшеліктері, бұқаралық коммуникацияның қазіргі тенденциялары жағдайындағы жаңа медиа, дәстүрді қалыптастыру факторы ретіндегі қазақстандық журналистиканың тарихы, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі, облыстық баспасөздің жанрлық және тақырыптық дамуы мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Сондай-ақ облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков сөз алып, газеттің тарихы туралы айтып берді. Басылымның алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шыққан, сегіз рет атауы өзгертілген. «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы қазақ журналистикасының тарихына тоқталды және Мұхамеджан Сералиннің қазақ қоғамының пікірін қалыптастырудағы еңбегі жайлы айтты. Сонымен қатар газеттің бүгінгі бет-бейнесі мен қоғамдағы орны туралы баяндады. Жанұзақ Аязбеков халық арасында газет оқу мәдениетін қалыптастыру керек дейді.

БАҚ-ның өзекті мәселелерін көтеретін, медиа бағыттағы жаңалықтармен бөлісетін халықаралық ғылыми конференция Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдасытруымен дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Жыл сайын іс-шараның шекарасы да кеңейіп келеді. Тәжірибелі журналистер мен мамандыққа енді ғана қадам басқан студент жастардың өзара пікір алмасуы – екі жаққа да пайдалы, нәтижелі болады деген сенімдеміз!

Қабылдау комиссиясы