Германияның Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен Baitursynuly University-ге келді.
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ол өңірдегі ең ірі ЖОО-ның қызметімен танысты.
- Қазір біздің университетте 136 этникалық неміс оқиды, - деді Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Штатта неміс тілінің 7 оқытушысы бар, 432 студент неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқиды. Бұл «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» ББ студенттері.
Моника Иверсен Қостанай облысында неміс тілі мұғалімдерінің қаншалықты сұранысқа ие екендігін сұрады. Сондай-ақ, Германия елшісі ҚӨУ басшылығымен академиялық ұтқырлық, халықаралық тәжірибе алмасу, дуальды оқыту және университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін талқылады.
- Мазмұнды әңгімелеріңізге рахмет, университетке кіргеннен-ақ мен қайтадан студент болғым келіп кетті! - деді кездесу соңында Германия елшісі.