Baitursynuly University әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған медальға ие болды.
Әлібек Нұрмағамбетұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қостанай өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің мерейтойлық шараларына арналған «ҚХА: бейбітшілік, бірлік пен татулықтың 30 жылы» атты облыстық конференцияда модератор әрі баяндамашы ретінде сөз алды.
Еліміздің әр аймағынан келген белгілі спикерлер қатысқан басқосуда өңірдегі этномәдени бірлестіктердің қалыптасуы мен өркендеуі жөнінде маңызды мәселелер көтерілді.
Жиын қорытындысында факультет деканының кәсіби біліктілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы ерекше аталып өтті. «Сіздің көп жылғы табанды еңбегіңіз өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің ұрпақтары арасында өзара сыйластық пен достықты, татулық пен келісімді бекемдеуге, нәтижелі диалог орнатуға үлкен үлес қосып келеді», – делінген алғыс хатта.
Әлібек Нұрмағамбетұлының табанды еңбегінің еленгеніне қуана құттықтаймыз. Сіз – біздің мақтанышымызсыз!