object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 21:24:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЗАҢҒАР ЗАҢГЕР

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Алашорда үкіметінің сот жүйесі реформаторларының бірі Сейдәзім Қадырбайдың құрметіне «Алаш ардақтысы Сейдәзім Қадырбай: тұлғасы, мұрасы, қайраткерлігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Отандық алаштанушылар мен тарихшы, заңгер ғалымдар, қоғам қайраткерінің ұрпақтары қатысты. Іс-шара барысында Алаш қайраткерінің «Ақы заңы» шығармалар жинағы мен комикс форматындағы «Алаш заңгері» кітапшасының тұсауы кесілді. Сондай-ақ түрік тіліндегі «Кардеш калемлер» журналының қоғам қайраткеріне арналған арнайы саны таныстырылды.

Конференцияға қатысқан ғалымдар жерлесіміз, заңғар заңгер, аудармашы, Сейдәзім Қыдырбайдың өмір жолы, қазақтың құқық, заң ілімінің қалыптасуына қосқан үлесі жайында айтты. Зиялы қауым өкілдері тарапынан тәуелсіздікті аңсап, Алашы үшін атылып кеткен заңгердің есімі еленіп жүрсе екен, көшелерге есімі берілсе деген ұсыныстар түсті.

Конференцияны өткізудегі мақсат – ХХ ғасыр басы қазақ тарихындағы бірегей құбылыс саналған Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер Сейдәзім Қадырбайұлының өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын жан-жақты насихаттау. Қазақ саяси-қоғамдық көзқарасының оянуына ықпал етіп, заң саласында ұлт тілінде оқулықтар жазудағы еңбегі мен өнегелі істерін бағалау.

Қабылдау комиссиясы