object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 09:02:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оңтүстік Корея: әлі де байланыс тығыз

Baitursynuly University ректоры қазақстандық делегация құрамымен бірге Оңтүстік Кореяда болды.  

Жұмыс сапары КР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі Kim Jin Ha-ның шақыруымен өтті.  

 Қазақстандық делегация құрамында Allur компаниялар тобы, Alageum Electric, UMAY Ғылыми-зерттеу орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және А.Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдері болды. 

"Жұмыс сапары барысында алғаш рет өндіріс пен ғылым өкілдері Кореяда енгізілген озық тәжірибелер мен технологияларды зерделеу үшін бас қосты, - деп атап өтті Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Біз қазақстандық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тиісті бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жақсартуға бағытталған жобаларды, білім беру бағдарламаларын және ғылыми бастамаларды әзірлеуді талқыладық."

Оңтүстік Корея мен ҚӨУ арасында академиялық байланыс орнаған.  

Студенттеріміз Бейбарыс Батырғожин мен Темірлан Сапарбаев қазір әлемге әйгілі «Hyundai» автомобиль корпорациясымен тығыз байланыста жұмыс істейтін және машина жасау саласына мамандар даярлауда мол тәжірибесі бар Dong-Eui университетінде білім алуда.  

ҚӨУ ректоры Оңтүстік Кореяда білім алып жүрген жігіттермен кездесіп, олардың шетелдегі оқу және өмір тынысымен танысты.  

Атап айтқанда, келесі жылдың өзінде 10 студентіміз Dong-Eui-де оқи алады. Қостанай мен Оңтүстік Корея университеттері өткен айда тиісті меморандумға қол қойды.  

Жұмыс сапары аясында Baitursynuly University ректоры тағы екі университет – Tech University of Korea және Kongju national University басшылығымен кездесті. Озық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін оқу үдерісімен және инновациялық жобалармен танысты.  

Бұл университеттердің түлектері іссапар бағдарламасына енгізілген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Қазақстандық делегация штамптаудан бастап электр бөлшектеріне дейін толық циклді өндіріс жолға қойылған KIA флагмандық кәсіпорнында болды.  

Жылу, атом және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші сарапшы ірі болат зауыты – HYUNDAI Steel  мен Doosan Enterbility кәсіпорны да аз әсер қалдырған жоқ.

Қабылдау комиссиясы