object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 17:51:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ХХІ ғасыр және цифрлық әлемдегі заңгер

Экономика және құқық факультетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасы өткізген дөңгелек үстелдің тақырыбы – «ХІ ғасырдағы цифрлық әлемдегі заңгер». Оған Қостанай облысы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің, Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, Академик Е.А.Букетова атындағы ҚарМУ, ЧелМУ КФ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессорлық-оқытушылар құрамымен цифрландыру саласындағы ғылыми мәселелерді әзірлеумен және зерттеумен айналысатын докторанттар, студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде цифрландыру саласындағы ғылыми және практикалық проблемалар мен перспективалар, атап айтқанда оның қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңіндегі заңгерлер қызметіндегі рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар цифрлық технологиялар, оларды құқықтық реттеуге, құқық қорғау қызметін ақпараттандыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау саласындағы цифрландыруға, заңгерлердің жобалық қызметінде цифрлық ресурстарға, құқықтық ортадағы цифрландырудың қазіргі заманғы үрдістеріне, заң біліміндегі жасанды интеллектке қатысты мәселелер де қозғалды.

Қабылдау комиссиясы