object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:56:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Заңгер реттелетін мамандықтар санатына енеді

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Құқық» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жобалық басқару тобының кезекті отырысы онлайн режимде өтті. Мұнда Қостанай мемлекеттік университетін Іргелі зерттеулер институтының директоры Әлімжан Бекмағамбетов таныстырды.

Іс-шараның модераторы, ОӘБ төрағасы Талғат Нәрікбаев жиынға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде еліміздің 66 жоғары оқу орны заңгерлерді дайындайтынын, алайда мемлекеттік қызметте білікті кадрлардың жетіспейтінін тілге тиек етті.

«2021 жылдан бастап заңгер реттелетін мамандықтар санатына енеді, ол үшін осы кәсіптің салалық сертификациясын енгізу процесін аяқтау қажет», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Мирас Дауленов.

Отырысқа қатысушылар - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкелер палатасы, ОӘБ мүшелігіндегі ЖОО, "Kazakhstan Bar Association" заң кеңесшілері палатасы, «Қазақстан заң кеңес» заң кеңесшілері палаталары қауымдастығы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қолдау департаменті, республикалық нотариаттық палата, халықаралық және ұлттық заң фирмалары.

Кездесу барысында тақырыптық баяндамалар тыңдалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова құқықтық білім және кадрлар туралы айтты.

Талқылау аясында оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшесі - Қостанай мемлекеттік университетінің өкілі PhD докторларын даярлау саласында аймақтық университеттерге мемлекеттік білім гранттарын бөлу және оны көбейту қажеттілігі туралы ұсыныс айтты.

Қабылдау комиссиясы