Бүгін ғылым мен білімге жарты ғасырдан астам өмірін арнаған көрнекті ғалым, Baitursynuly University Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Аманжол Күзембайұлының 80 жас мерейтойы!
Ғалымның ғылыми-педагогикалық қызметінің 20 жылдан астамы ҚӨУ-мен тығыз байланысты. 2005 жылдан бастап ол тарих факультетінің деканы, ректордың кеңесшісі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі лауазымдарын атқарып келеді. Осы жылдар ішінде профессор студенттерге білім беріп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысуда. Оның қаламынан 500-ден астам ғылыми мақала, 50-ден астам монография, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.
ҚӨУ қабырғасында профессордың туған-туыстары, әріптестері мен достары жиналып, жылы лебіздерін білдірді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жолданған хаттарда ғалымның білім мен ғылымға қосқан үлесі ерекше аталып, оның даналығы мен қолдауы үшін шынайы алғыс айтылды.