ҚӨУ-нің ректоры Сейтбек Қуанышбаев және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Самен Дастан білім беру, кәсіптік және қоғамдық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар дәрістерді, семинарларды, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен өткізуде, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мәселелерінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге міндеттенеді.
Меморандум шеңберінде «бәсекелестік құқық» факультативтік бағытын ашу көзделіп отыр. Меморандум қол қойылған күні күшіне енеді және 5 жыл бойы қолданыста болады.