object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:38:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылыми жоба жұмыс тобының отырысы

Жұмыс тобының отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарды орындауы аясында адамды қанауға байланысты қылмыстарға қарсы тұру саясатын модельдеу» гранттық қаржыландыру аясындағы жаңа ғылыми жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Ұлттық ғылыми кеңестің отырысының 11-13 сәуірдегі №1 хаттамасына сәйкес жоба 2020-2022 жылдарға 36 000 000 теңге (сұралған сома 45 000 000 теңге) сомасына мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен осы жылдың 20 мамырында жасалған № 79 келісімшартқа сәйкес Жұмыс тобы келесідей құрамда құрылды:

Бекмағамбетов Әлімжан Бауржанұлы – Іргелі зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер, жоба басшысы;

Табылденов Әлібек Нұрмағамбетұлы - Экономика және құқық институтының директоры, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, бірлескен басшы;

Батырбекова Диана Серікқызы - докторант, мамандығы - 6D 030100 Құқықтану, заң ғылымдарының магистрі, жауапты орындаушы;

Тастанов Абылай Мейрамбекұлы - докторант, мамандығы - 6D 030100 Құқықтану, заң магистрі, ғылыми қызметкер;

Кәкенов Абылай-хан Мубаракұлы - Баспасөз қызметінің жетекшісі, заң магистрі, ғылыми қызметкер.

Абылай Тастанов ғылыми мақаланың Scopus деректер қорының шетелдік рецензияланған басылымдарында жариялауға дайын екендігін хабарлады, Әлімжан Бекмағамбетов Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша оқулықтың қолжазбасын дайындау бойынша алдағы уақыттағы жұмыс туралы, Әлібек Табылденов Нұр-Сұлтан қаласындағы «Elim» Маркетинг және социологиялық зерттеулер институтымен келіссөздер жайында, Диана Батырбекова Қаржылық және жалпы жобалық құжаттаманы жүргізу бойынша, Абылай-хан Кәкенов ғылыми жобаның мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу және ақпаратты қамту мәселелері бойынша есеп берді.

10 маусымға дейін процентильді және квартильді талаптарды ескере отырып, мақаланың қолжазбасын аяқтау және шетелдік баспалармен жасау, сондай-ақ жоба жетекшісін тиісті мәселелерді терең зерттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберу туралы шешім қабылданды.

Университеттің алғашқы заң ғылымдарының жобасының жетекшісі Әлімжан Бекмағамбетовтың жобаға өтінім беру кезінде Scopus мәліметтер базасының рецензияланған басылымдарында жоба тақырыбы бойынша 2 жарияланымы,

рецензияланған Web of Sciense мәліметтер базасында 1 жарияланымы, Ресей Федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясының тізіміндегі журналдарда 22 мақаласы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарда 11 мақаласы, 10-ға жуық монографиясы жарық көрген, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қостанай облысы әкімінің жанындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссияның, Адам саудасына, адамдарды заңсыз әкету мен әкелуге қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі

Қабылдау комиссиясы