object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 17:51:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылым саласын дамыту мәселелері туралы

Президент ғылым саласын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсаған шығындарының 1% ғылым мен технологияларды дамытуға бағыттауы туралы норманының іске асуына қатысты мәселені ғалымдар ұзақ уақыт бойы айтып келеді. Енді осы мәселе да шешімін табатын болды.

Бұл мәселе бойынша сала өкілдерінің ұсыныстары Президенттің тапсырмасында көрсетілген. Енді бұл қаражат жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, бюджет арқылы ашық түрде бөлінеді. Бұл ғылыми зерттеулер жүргізуге қосымша бағытталатын қомақты қаражатқа қатысты екендігін атап өткен жөн.

Ғылыми кадрларды дайындау мәселесіне келетін болсақ, жас ғалымдардың ғылым саласына келуін қамтамасыз ету үшін «Жас ғалым» жобасы бойынша 1000 зерттеу грантын бөлінбек.

Жыл сайын 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту бастамасы біздің ғалымдарға шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық арқылы бірлескен зерттеулер жүргізуге және өз кезегінде олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жолдауда ғалымдардың осы уақытқа дейін ұсынып келген тағы бір мәселесі айтылды. Біз еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша жеке бағдарламалық құжат әзірленеді. Оның негізгі ережелерін қалыптастыру кезінде сала өкілдерімен кеңейтілген кеңестер өткіземіз және онда халықаралық тәжірибе ескеріледі.

Қабылдау комиссиясы