«Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Арын Орсариев және «Ғылым қоры» АҚ басқарушы директоры Марат Пернеқұлов облыстық Smart-орталықта болды, онда қонақтарға заманауи Орталық пен оның әзірлемелері таныстырылды. Smart-орталық қызметкерлері инновациялық жобаларды іске асыру және ғылымды жетілдіру туралы ойларымен бөлісті.
Бүгінде университетімізде жаңа жобаларды жүзеге асыруға, стартаптарды іске қосуға және ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсетуге қажетті барлық жағдай жасалған.
Осы бағытта «Ғылым қоры» АҚ-мен де өзара әрекеттесу нүктелері табылды. Бүгінгі күні бұл қор ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруда, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерциализациялауда ғылыми қызмет субъектілеріне көмек көрсету арқылы ғалымдар мен бизнестің өзара байланысын қамтамасыз ететін орталық кеңсе болып табылады.
Осылайша, коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесін алу және қормен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институты мен Agro skills, Lab network зертханалары ғылыми-зерттеудің жаңа деңгейіне шығуға нақты мүмкіндік алады.