Осындай тақырыппен Экономика және құқық институтының психология кафедрасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған онлайн кураторлық сағат өтті. «Іс-шараны өткізудегі мақсат – студенттерді Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірімен таныстыру, патриоттық сезім мен білімге деген құштарлықты қалыптастыру, ұлт ұстазының тәрбиелік мұрасын насихаттау»,-дейді кураторлық сағаттың модераторы, психология кафедрасының оқытушысы Айгүл .Нурсултанова. Кураторлық сағатқа «Психология» (1-4 курс), «Дене шынықтыру және спорт» (2 курс) мамандықтарының 60-тан астам студенттері, сонымен қатар психология кафедрасының магистранттары мен оқытушылары қатысты.
«Ыбырай Алтынсарин өмірінен қызықты деректер» тақырыбында «Психология» мамандығының 4 курс студенттері Ерлан Мусин мен Дима Литвинцев баяндама жасады, ал «Психология» мамандығының 4 курс студенті Любовь Сухомлина Ыбырай Алтынсарин ағартушылық шығармашылығы туралы айтып берді.