object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 12:10:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бос орындар жәрмеңкесі

Жастар сарайында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты.

"Бұл жыл сайынғы өтетін дәстүрлі шара, биыл бесінші рет өткізілуде.  Өңірдің 70-тен астам ірі жеке және мемлекеттік ұйымдары мен мекемелері өздері үшін қажетті кадрларды табуға мүмкіндік алды, - деді іс-шараны ұйымдастырушы, Қостанай облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков."

Мыңнан астам адам компаниялардың қызметі туралы толық ақпарат алып, қазіргі уақытта қолжетімді бос жұмыс орындары туралы білді. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектері де бар.

"Мұнда бірнеше бос жұмыс орындарын таңдауға болады. Өзім үшін даму перспективалары бар, сонымен қатар әлеуметтік пакет пен баспана беретін ұйымды таңдадым. Бұл сияқты жас және жаңадан еңбек жолын бастағалы отырғандар үшін өте маңызды, - деді біздің студент Данель Буранбаева."

Жас мамандарға өңірдің тау-кен металлургия өнеркәсібі, машина жасау зауыттары, ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындары, сондай-ақ банктер, қызмет көрсету саласы ұйымдары, IT-сала және мемлекеттік мекемелері жұмыс беруге дайын. Сонымен қатар, мұнда бизнес ашқысы келетін жастар да кеңес алуына болады.

Қабылдау комиссиясы