Бүгін Жастар сарайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен кезекті облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге облыстың 70-тен астам кәсіпорындары қатысты, бұл қатарда ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен машина жасау саласының өкілдері, облыстың барлық қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту орталықтары, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің барлық мамандықтарының түлектері де бар.
«Жәрмеңке жұмыс берушілерге өршіл мамандарды тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Дегенмен, Қостанай облысы агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен машина жасау саласына арқа сүйейді. Осыны ескере отырып, жаңа мамандықтар атласын жасау керек»–деді түлектер алдында сөз сөйлеген Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар жәрмеңкеге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, жас мамандарға мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметке өтудің жаңа ережелерімен, ал ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орналасудың талаптарымен таныстырды.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Мансап және жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің мәліметтер базасын толықтыру және студенттердің тәжірибеден өтуі үшін байланыстар базасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді, өйткені кейбір кәсіпорындар жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отыр.