object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-29 22:45:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ ТҮЛЕГІ- ХЕЛЬСИНКИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 2023 жылғы түлегі - Кристина Молибоженко «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының «Материалтану» мамандығы бойынша Хельсинки университетінің магистрлік бағдарламасы грантының иегері атанды.

Хельсинки университеті магистратураға түсуге конкурс жариялады. Кристина барлық қажетті талаптарды сәтті орындаған, атап айтқанда, IELTS ағылшын тілін білу деңгейін 6,5 баллмен, GPA кемінде 3,5 баллмен растады, сонымен қатар физика мен химия бойынша барлық тапсырмаларды орындады және эссе жазды. Нәтижесінде Кристинада 28 мүмкін ұпайдың 22-сі қоржынында бар.

Бұл А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектері бейіндік пәндер, ағылшын тілі бойынша терең білім алады және практикалық тәжірибелері де бар екенін тағы да растайды.

Кристинаға Хельсинки университетінде табысты білім тілейміз!

Қабылдау комиссиясы