object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 23:09:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Елдің болашағына әсер ететін таңдау

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркін ӘБІЛ және Екатерина СМЫШЛЯЕВА Baitursynuly University басшылығы мен оқытушыларымен кездесті.

Кездесудің тақырыбы 6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС салу мәселесі бойынша референдум туралы.

Кездесу "сұрақ-жауап" форматында өтті. АЭС-тің қоршаған ортаға әсері, атом энергетикасын дамыту үшін инженерлік және ғылыми ресурстардың болуы, АЭС құрылысының тарифтік саясатқа әсері және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

Спикерлер түсіндіргендей, АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам. Электр энергиясының тапшылығы жыл сайын орта есеппен 3% -ға өсетін болады. Атом электр станциясы осы мәселенің шешемі болады. АЭС 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергия жабдықтауын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, атом станцияларының жұмысында парниктік газдар шығарындылары болмайды.

- Сіздердің бәріңіз білетіндей, 6 қазанда осы мәселе бойынша референдум өтеді, - деп түйіндеді Baitursynuly University ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ. - Әрқайсымыздың міндетіміз - дауыс беруге қатысып, мемлекеттің болашағына әсер ететін дұрыс таңдау жасау. Әрине, шешім қабылдаған кезде ғылыми зерттеулерге негізделген сенімді ақпаратқа сүйену керек.

Қабылдау комиссиясы