Бүгін Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектепте (Федоров ауылы) «ХХІ ғасырдағы гуманитарлық бағыттағы мамандықтар» форумы өттіп. Форум аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары 9-11 сынып оқушыларына бірнеше сабақтар өткізді.
Форумның басты мақсаты – оқушыларға жоғары оқу орны оқытушыларының жұмысын көрсету, сондай-ақ біздің университетпен ынтымақтастықты нығайту.
Мектеп оқушыларымен әлем және ұлттық тарих негіздері бағытында брейн-ринг интеллектуалды ойыны өткізілді. Шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы ағылшын тілінің идиомалары мен фразеологиялық бірліктерін дұрыс аударуға арналған «The world is your oster» шеберлік сыныбын ұйымдастырды, ал журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының өкілі әлеуметтік желілерде мақсатты жарнама жасау жайында тренинг өткізді.
Форум секциялар бойынша сабақтар түрінде өтіп, әр сыныпқа университет деңгейіндегі қырық минуттық сабақтар берілді.
Федоровтағы Абай атындағы мектеппен байланыс нәтижелі болмақ. Мамыр айында мектеп оқушылары А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де оқудың артықшылықтарымен танысу мақсатында университетке келуді жоспарлап отыр.