object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 04:50:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жұмыс берушілермен кездесу

Жұмыспен қамту - бұл мамандар даярлаудың сапасы мен жас мамандарға деген сұраныстың маңызды критерийлерінің бірі. Сондықтан оқу орны өз студенттеріне жоғары сапалы теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысуды маңызды санай.

Бүгінде кафедралар түлектерін қызметке орналастыру, олардың кәсіби дамуы үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Осындай жұмыстардың бірі – студенттер мен жұмыс берушілердің кездесулері. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу үшін TrueConf қосымшасын таңдады. Ұсынысты «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясының, «Қостанай таңы» облыстық газетінің, «СарыАрқа Автопром» ЖШС-нің және Лисаков қаласының «Бизнес пресс» газетінің журналистері қолдады, олар бейнеконференция арқылы болашақ журналистермен, ҚМУ-нің түлектерімен кездесті. Олар қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарындағы және облыстың баспасөз қызметтеріндегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен бөлісті. Болашақ мамандардың жұмыс берушілерге сұрақтары өте нақты болды: шығармашылық қызметкердің жауапкершілігі қандай, жұмыс ауқымы, әлеуметтік пакет, жас қызметкердің жалақы мөлшері, жұмыс кестесі қандай деген сауалдар. Осы және басқа да сұрақтарға Қостанай бұқаралық ақпарат құралдары мен PR қызметтерінің басшылары Абылай Мауданов, Жұматай Кәкімжанов, Максим Сушко, Гүлнара Нұртазина жауап берді.

Өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты «Алау» телерадиокомпаниясының директоры Алмат Сүлейменов, «Наш Костанай» қалалық газетінің редакторы Александра Сергазинова, «Арқа дидары» Арқалық қаласының телеарнасының басшысы Айгүл Бекентай конференцияға қатыса алмады. Дегенмен, түлектер жұмыс берушілердің журналистер, дизайнерлер, SMM менеджерлері, макет дизайнерлері керек деген ұсыныстарына қызығушылық танытты. Журналистика және коммуникациялық менеджменті кафедрасы алдағы күндері де жас журналистер мен жұмыс берушілермен осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қабылдау комиссиясы