10-11 қаңтарда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ заң инспекторы Айдарбек Бектабанов ҚӨУ-нің Басқарма Төрағасы–ректоры Сейітбек Қуанышбаевпен кездесіп, университеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады. Кездесу кәсіподақ ұйымына практикалық және әдістемелік көмек көрсету аясында өтті.
Сонымен қатар, Айдарбек Жасұланұлы университет ұжымымен әңгімелесіп, ұжымдық келісім-шартты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша құжаттарды мұқият зерделеп, қоғамдық қабылдау барысында университет қызметкерлері тарапынан түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Айдарбек Жасұланұлы жылы қарсы алған университет ұжымына алғысын білдірді.