Бүгін Baitursynuly University қонақтарды қарсы алды.
Университеттің оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Аналар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Камал ӘЛПЕИСОВА, «AMANAT» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес мүшесі Баян АХАТАЙ және Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, КӨУ директорлар кеңесінің мүшесі Қырмызы ЖАҢБЫРШИНАМЕН сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Кездесу қызықты әрі еркін түрде өтті. Әйелдің қоғамдағы рөлі туралы, әдебиет пен ғылым мәселелері кеңінен талқыланды.
Камал Әльпеиcова студенттерге өз кітаптарын таныстырып, шығармашылық жолында өз ойларын ашық жеткізуден қорықпауға кеңес берді.