Қостанайда өткен фестиваль 6–22 ақпан аралығында Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары Виталий Пухкало мен Наиль Башмаковты қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Айта кету керек, екі спортшы да – ҚӨУ түлектері.
Қостанайдағы шаңғы фестивалінің ашылуы 1 ақпанда өтті. Алғашқы күні университетімізден 50 студенттен құралған команда қатысты.
6 ақпанда ҚӨУ қаладағы білім беру ұйымдары арасында ең үлкен құраммен қатысып, тағы да ерекшеленді.
Жалпы, оқу орнынан 102 адам қатысты: 60 студент шаңғымен жарысса, қалғандары спортшыларға белсенді қолдау көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ командасы алтыншы рет жоғары оқу орындары арасында жеңімпаз атанды.
Жеке сайыста ұлдар арасында жүлделі орындар:
Үшеуі де – ҚӨУ педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 2-курс студенттері.
Қыздар арасындағы жеке сайыста:
Жеңімпаздар дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!




