ГРАНТ өтемі жайлы АҚПАРАТ

Бүгін ҚӨУ-де мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын бітіруші курс студенттердің, магистранттардың, докторанттардың «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен онлайн–кездесуі өтті.

Спикер ретінде «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқали сөз сөйледі.

Ол міндетті грант өтемінің барлық тармақтарын жан-жақты түсіндірді: мерзімдері, ережелері, қажет құжаттар мен кездесіп жататын кикілжің мәселелер туралы.

Студентердің сұрағы да аз емес.

– Егер әскерге шақырту алсам…

– Грант өтеу міндетінен толық босатыласыз. Әскери билетіңіз бен анықтамаңызды көрсетсеңіз болды.

– Грант өтемінен босатылу үшін міндетті түрде жалғызбасты ана болу керек пе?

– Жоқ. Егер 3 жастан аспайтын балаңыз бар болса болды. Бұның өзі босатылуға құқық береді.

– Грантқа 3 курс ортасында өттім. Грантты 3 жыл өтеймін бе?

– Қаржы орталығы мерзімді бекітілген қағида мен тиісті бұйрыққа сай есептейді. Негізі грантта оқыған мерзіміңізді ғана өтейсіз.

– Бакалаврдан соң шетелге магистратураға түссем, бакалавр грантын өтеймін бе?

– Міндетті грант өтемі кейінге қалдырылады. Магистратураны аяқтағаннан кейін бакалавр грантын өтеу міндеті күшінде қалады.

Консультация түлектерге өз құқықтары мен міндеттерін алдын ала түсінуге және мансаптарын жоспарлауға көмектесті.

Құрметті ҚӨУ студенттері, грант өтемі мен жұмысқа орналасуға қатысты кеңестер алу үшін ҚӨУ-дің құзыреттілік және мансаптық өсу офисіне жүгінсеңіздер болады@career_baitursynov.

Қабылдау комиссиясы