object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 06:55:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ …

Қазақстанның 5 облысынан 8 тәжірибеші ветеринар біліктілікті арттыру курстарын аяқтап, сертификаттар алды.

Ветеринария кафедрасының профессоры Александр Тегзаның жетекшілігімен «Жануарларды ашу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары дуальды оқыту аясында өтті. 10 күн ішінде ветеринарлық мамандар жалпы патологиялық процестерде, сондай-ақ жұқпалы емес, жұқпалы және инвазиялық ауруларда патогенезді және патоморфологияны игеруге бағытталған тренингтен өтті.

Оқу барысында олар уақытылы және дұрыс диагноз қою мәселесінде теориялық дайындықтан өтті, патологиялық диагностика әдістерін игерді.

Ветеринариялық медицина кафедрасы өзара ынтымақтастық шеңберінде Қостанай облысының ветеринариялық дәрігерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын тұрақты өткізеді, онда ведомстволық немесе жеке клиникаларда практик дәрігерлер болып табылатын ветеринариялық мамандар оқытудан өтеді. Айтпақшы, бұл курстар «Қостанай облысының ветеринария басқармасы» ММ тапсырысы бойынша ұйымдастырылған, ветеринариялық медицина кафедрасы ұйыммен көптеген жылдар бойы ынтымақтастық жұмыстарын жүргізіп келеді. Біріншіден, олар студенттер үшін тәжірибе базасы болып табылады. Сонымен қатар, олар студенттердің жұмыс берушілермен түрлі кездесулеріне белсенді қатысады, сондай-ақ олар осы бағыт бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге тікелей қатысады.

Қабылдау комиссиясы