object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:35:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚМУ-нің еріктілері

Дәл бір жыл бұрын Қостанай облысында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығының форумы өтті. Ол осы форумда 2020-жылды Еріктілер жылы деп атады. Бұл бастаманың Қостанайдан бастау алғаны орынды, өйткені жастар қозғалысының дәстүрлері, активтердің алғашқы лагерлері, әскери-патриоттық слеттер кезінде Қостанай облысында басталған.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – еріктілер қозғалыстың белсенді қатысушысы, сондай-ақ біздің студенттер – облыстық және республикалық конкурстардың тұрақты жүлдегерлері. ҚМУ-нің «Аялы жастар» еріктілер студенттік клубы белсенді жұмыс істейді.

Бүгінде біздің ЖОО еріктілер қозғалысы 800-ден астам оқытушылар мен студенттерді біріктіреді, олардың 92-сі – «Әлеуметтік студенттік несие» республикалық жобасының қатысушылары. Олар еріктілік қызметі үшін ақшалай төлем алады.

Университеттің әр студентінің «Аялы жастар» студенттік клубының мүшесі болуға мүмкіндігі бар. Біз «Birgemiz Bilim» «Birgemiz NurOtan», «Бірге армандайық» сияқты үлкен республикалық және халықаралық жобалардың бір бөлігі болып табыламыз.

Оқу орны еріктілік қызметтің бірнеше бағытын дамытуда. Олардың қатарына экологиялық еріктілік, әлеуметтік еріктілік, медиа және онлайн-еріктілік, жануарларға көмек, қайырымдылық, корпоративтік еріктілік бар. Бұл бір реттік іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу ғана емес, сонымен қатар қоғамға нақты көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыстар.

Мысалы, әлеуметтік еріктілік аясында біздің студенттер балалар үйлеріне барып, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шаралар өткізеді. Ал «Құқықтану» мамандығының екінші курс студенттерінің идеясының арқасында Лисаковск қаласынан 5 жасар Алексей өз арманын орындап, динозаврды көре алды.

Психология және педагогика кафедрасы корпоративтік еріктілікті дамыту аясында көптеген жылдар бойы Қостанай қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасап, олар үшін іс-шаралар ұйымдастырып, психологиялық қолдау көрсетті.

Ағымдағы жылдың ақпан айында біздің донор-еріктілердің белсенділігінің арқасында Облыстық қан орталығында апаттан зардап шеккен әйел үшін қажетті қан көлемі жиналды, ал 1-курс студенті Татьяна Прободяктың отбасы үшін өрттен кейін үйді қалпына келтіруге қаражат жиналды.

Мұның барлығы біздің еріктілердің ауқымды жұмыстарының аз ғана бөлігі.  Бізді одан да көп идеялар мен жобалар күтіп тұр, бірігіп, бір болып, бір-бірімізге көмек қолымызды созайық!

Қабылдау комиссиясы