object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-06 19:05:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Су - тіршілік көзі!

2 ақпанда бүкіл әлемде Халықаралық сулы-батпақты алқаптар күні атап өтіледі. Бұл мерекеден Ө.Сұлтангазин атындағы Педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары кафедрасы да шет қалмайды.

Кафедрада 20 жылдан астам уақыт бойы су-батпақты алқаптарға арналған экологиялық мереке өткізу дәстүрі қалыптасқан. Биылғы шараға биология және география мамандығының студенттері, сондай-ақ Қостанай қаласындағы №2 және №1 мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шараны экология және биология мәселелерін ғылыми-зерттеу орталығы, ҚӨУ профессоры - Татьяна Брагина, аға оқытушы Мария Рулёва және Бердвотчерлер клубы ұйымдастырды.

Профессор Татьяна Брагина жиналғандарға мереке және Қазақстанның биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін маңызды су экожүйелерін қорғаудағы жетістіктері туралы айтып берді. Айта кететін тағы бір жайт, ол биология ғылымдарының кандидаты, жолдасы Евгений Брагинмен бірге Қазақстандағы 5 (!) су-батпақты алқапқа халықаралық маңызы бар мәртебе беру ісінің бастауында тұрған ғалымдардың бірі.

Студенттік Бердвотчерлер клубының жетекшісі Даниил Христинецкий су маңында тіршілік ететін және су құстары туралы қызықты викторина ұйымдастырды. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды!

Қабылдау комиссиясы