object(DateTime)#1059 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-07 21:18:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Назар аударыңыздар, оқытушылар: КИБЕРШАБУЫЛДАР

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының деректеріне сәйкес, жоғары оқу орындарының оқытушыларына бағытталған кибершабуылдар тіркелді.

Халықаралық ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу барысында орталық мамандары «Storm-2657» атты киберқылмыстық топтың ЖОО оқытушыларының аккаунттарына шабуыл жасағанын анықтады.

Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, АҚШ-та бірнеше осындай оқиға тіркелген. Алаяқтар HR-бөлімінің ресми хабарламалары, студенттерге қатысты ақпарат немесе ішкі құжаттар түрінде жалған электрондық хаттар жіберген.

Бұл хаттарда фишингтік сілтемелер орналастырылған. Оларға басқан жағдайда хакерлер оқытушылардың жеке кабинеттеріне кіріп, жалақы аударымына арналған реквизиттерді өзгерткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы шамамен 25 оқу орны осындай шабуылдардың нысанына айналып, 6 мыңнан астам оқытушы кибералаяқтардың құрбаны болған.

Құрметті Baitursynuly University оқытушылары!

Электрондық поштамен жұмыс істеген кезде сақ болуларыңызды сұраймыз:

Деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтауға көңіл бөліп, кибералаяқтардың арбауына түспеулеріңізді сұраймыз.

Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанындағы Қоғамдық қауіпсіздік қатерлері мен қылмыстық қауіптерді болжау орталығы.

Қабылдау комиссиясы