object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-29 01:17:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

САРАПТАМА комиссияның сапары

Бүгін Baitursynuly University «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» (IAAR) сыртқы сараптама комиссиясының жұмысы басталды.

5 білім беру бағдарламасының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтуіне байланысты сарапшылар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де 28-30 сәуір аралығында IAAR стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.

Бүгін сарапшылар ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, білім беру бағдарламаларының жетекшілері және профессорлық-оқытушылар құрамымен аналитикалық сұхбат өткізді.

Сонымен қатар, сарапшылар университет ғимараттарын визуалды тексеруден өткізіп, ҚӨУ-дің материалдық-техникалық базасын бағалады.

Қабылдау комиссиясы