object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 17:30:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Барлық сала үшін маңызды

Baitursynuly University «Kia Qazaqstan» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Бұл тек өңіріміз ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де маңызды оқиға. Тек Қостанай облысында бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда, жаңа KIA зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы 5 жылда аймағымызға 3,5 мыңға жуық маман қажет.

"Университетіміз машина өндірісі саласына мамандарды даярлап жатыр, - деді Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Оларға деген сұраныс өте жоғары, сондықтан қазір ҚӨУ өкілдері университетімізге түсетін талапкерлерді тарту үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Біздің алдымызда студенттерді оқытуға және оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға барлық жағдай жасау жөнінде ауқымды міндет тұр".

Осы мақсатта Baitursynuly University машина өндірісі саласы үшін мамандар даярлау жағынан мол тәжірибесі бар Кореямен байланыс орнатты. Екі қостанайлық студент Dong-Eui университетінде оқып жүр. Келесі оқу жылында тағы бір топ шетелге шығу үшін корей тілін үйреуде. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары арасында қос диплом бағдарламасын іске асыру жоспарланған.

«Kia Qazaqstan» ЖШС Бас директоры Ким Де Ки мұндай тәжірибе болашақ маман үшін сөзсіз артықшылық болатынын атап өтті.  

"2025 жылдың маусым айында Қостанайда KIA зауыты өндірісінің толық циклі іске қосылады, - деді ол. – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нде біздің көліктеріміз өндіріліп жатыр. Бізге кәсіпқой мамандар қажет, ал сіздердің түлектеріңіз өндіріс алаңында еңбек етуге келсе, нұр үстіне нұр. Бұл тек инженерлерге ғана емес, сонымен қатар IT мамандарға, заңгерлерге және басқаларға да қатысты".

Мамыр айында Baitursynuly University-де корей тілін оқыту орталығын ашу жоспарланып отыр. Келесі оқу жылынан бастап 3-4 курс студенттері дуалды білім алып, KIA кәсіпорындарында практикадан өтеді, ал докторанттар мен магистранттар тағылымдамадан өтеді.  

Ынтымақтастық бастауына жол салынды, алда – жаңа бірлескен жобалар тұр.

Қабылдау комиссиясы