Бүгін Baitursynuly university Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ерекше назар аударған тақырып талқыланды.
ҚӨУ кафедралары мен факультеттерінің басшылары әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан Мұқанұлы Темірбековпен бірге жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының келешектегі Референдумға қатысу форматын талқылады.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу бастамасын ұсынды. Бұл мәселе бойынша алдын ала барлық аймақтарда ашық талқылаулар өтеді.
ҚӨУ-те бұл тақырып бойынша "TED X" форматындағы сарапшылармен кездесулер, акцияларға қатысу, ғылыми конференциялар, викториналар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.