Бүгін Baitursynuly University ұжымы жұмыс күнін естелік шарамен бастады. ҚӨУ басшылығы ректор Сейтбек Қуанышбаевтың жетекшілігімен Міржақып Дулатов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Міржақып Дулатов (1885–1935 жж.) – жазушы, публицист, педагог, «Алаш» қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тарихында өшпес із қалдырған тұлға.
Қыркүйек айының соңында өңірімізде атақты жерлесіміздің 140 жылдығы аталып өтті. Сондай-ақ Қостанайдағы облыс әкімдігі жанындағы скверде ұлы ағартушыға арналған ескерткіш орнатылды.
«Қостанайда ескерткіштің бой көтеруі біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі гүл қою рәсімі – ұлы қайраткерге көрсетілген құрмет пен тағзымның белгісі», – деді ҚӨУ ректоры Сейтбек Бекенұлы.