Baitursynuly University студенттері бүгін оқу орнында қанның экспресс-тестін тапсырып, қан қысымын, бойы мен салмағын, өкпедегі сатурация деңгейін және тағы басқа медициналық көрсеткіштерін тексертті.
– 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өтіп жатқан туберкулездің алдын алу айлығы аясында ҚӨУ-дің базасында Медициналық қалашық ұйымдастырылды, – деп түсіндірді Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігер-эпидемиологы Зарина КУНТУАРОВА. – Медициналық тексерулерді жастар денсаулық орталығы Jastar Med, Қостанай теміржол ауруханасы және Қостанай облыстық ЖИТС орталығының мамандары жүргізді.
Сонымен қатар студенттерге туберкулездің алдын алу, темекі шегу мен алкогольді тұтынудың зияны туралы дәрістер оқылды. Дәрігерлер туберкулездің белгілері, оның таралу жолдары және алдын алу әдістері туралы айтып, зиянды әдеттерден бас тартуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.