object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:47:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Үздіктер үштігінде

Студенттеріміздің қоржыны  Республикалық пәндік олимпиадада тағы бір жүлдемен толды!

Жүлдені Алматыдан Baitursynuly University ветеринарлық санитария кафедрасының 3 курс студенті Ксения МАШКО әкелді.

Бойжеткен ҚАЗ ҰУ-де «Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау» және «Ветеринариялық гигиена және санитария» атты екі пән бойынша өткен интеллектуалдық сайыста 3️ орынға ие болды.

«Қатысушылар тым көп болғасын, мен жүлделі орын аламын деп ойламадым», - деп мойындады Ксения. «Бірақ бар күшімді салып дайындалдым. Және көп жетістікке жеттім деп ойлаймын. Нәтижесіне ризамын және маған дұрыс бағыт беріп, барлығына көмектескен ҚӨУ оқытушыларына алғыс айтамын!

Жеңімпазымызды құттықтаймыз және біз өз студенттерімізді  мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы