object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-18 15:54:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Baitursynuly University студенттерінен құралған команда Алматы қаласында өткен Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді! Бұл - үлкен жетістік, себебі бастапқыда жеңіс үшін 90 команда үміткер болған.

“Заң сақшылары” командасының құрамына «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері: Алтынай Тлеуленова (команда капитаны), Сергей Герцель, Амир Куандык және Ерсұлтан Үсен енді. Топ жетекшісі – мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Индира Талтанова.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына арналған олимпиаданың финалдық кезеңі үш бөлімнен тұрды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін білуге арналған тестілеу, кейстік тапсырмаларды шешу және капитандар сайысы. “Заң сақшылары” барлық кезеңнен сәтті өтіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Студенттерге кубок, 2 дәрежелі диплом және ақшалай сертификат табысталды.

Жеңімпаздар атап өткендей, олардың жетістігі – мемлекет және құқық теориясы кафедрасының барлық оқытушыларының ерең еңбегінің нәтижесі, олар студенттердің олимпиадаға дайындығына барынша қолдау көрсетті.

Студенттерімізді құттықтаймыз, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Қабылдау комиссиясы