Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (САААЕ)» сыртқы сараптамалық комиссиясы өз жұмысын бастады.
Baitursynuly University 2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында 28 білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредитация өткізіліп жатыр.
Комиссия өз жұмысын САААЕ стандарттарына сәйкес жүргізуде.
Бүгін комиссия мүшелері университет басшылығымен, декандармен және кафедра меңгерушілерімен кездесіп, университеттің құжаттарымен танысты, сондай-ақ ҚӨУ-дегі студенттік өзін-өзі басқару және бос уақытты ұйымдастыру жұмыстарының барысымен танысты.
Ертең жұмыс жалғасатын болады.