Мектептерге көмек

ҚӨУ инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі қостанайлық мектеп мұғалімдерімен кездесті.

Татьяна Зуева Қостанайдағы №8 мектептің мұғалімдеріне олардың жұмысына қажетті ақпаратпен бөлісті. Кездесу тақырыбы – «Мектепте инклюзивті білім беру ортасын құру».

Мұндай кездесулердің өзектілігі өте жоғары және мұғалімдердің инклюзия саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру қажеттілігімен анықталады.

Осылайша Baitursynuly University білім беру жүйесіндегі инклюзивті тәсілдерді нығайтуға өз үлесін қосуда. Сондай-ақ біздің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы сыртқы мүдделі тараптар арасында инклюзивті құзыреттерді дамытудың ресурстық орталығы ретіндегі миссиясын орындайды.

Қабылдау комиссиясы