object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:01:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

NU-де жоғары оқу орындарының басшыларына арнап тренингтер өтуде

Nazarbayev University-де ЖОО басшылары үшін көшбасшылық бойынша тренингтер басталды. Оған А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ өкілдері де қатысуда.

Халықаралық және жергілікті сарапшылардың қатысуымен онлайн сессиялар, бір апталық офлайн тренингті, сондай-ақ, тәлімгерлік сессияларын қоса  қамтуда, оқыту гибридті форматта өтеді.

Бұл Финляндияның HAMK және JAMK университеттерімен бірлесе отырып, NU жоғары білім беру мектебінің «Білім берудегі көшбасшылық» атты үшінші кәсіби даму бағдарламасы аясында, әрі «педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» ауқымды жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Дүниежүзілік банктің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бағдарлама білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салалары бойынша екі жүзге тарта жоғары білім беру өкілдерінің және 50 ауылдық мектеп директорларының құзыреттерін дамытуға бағытталған. Тыңдаушылар білім берудегі соңғы тенденциялар туралы білім алады, инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыруды, жаңа технологияларды қолдануды, болашаққа деген көзқарасты дамытуды, сондай-ақ нәтижеге бағдары шешу мәселелерін үйренетін болады.

Бағдарлама көптілді форматта жүзеге асырылады. Бағдарламаның барлық сессиялары қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аударылады (дәйекті және ілеспе аударма). Бағдарлама материалдары барлық үш тілге аударылып, тыңдаушыларға оларды қалаған тілде үйренуге, тыңдауға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

Қабылдау комиссиясы