Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының (CAAAE) сыртқы сараптау комиссиясы жұмысын жалғастыруда.
Бакалавриат, магистратура және докторантураның 33 білім беру бағдарламаларын қауымдастықтың тәжірибелі сарапшылары білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сәйкестігіне бағалайды.
Сарапшылар университеттің құжаттамасын зерделеп, оқу және зерттеу лабораторияларын аралап, Байтұрсынұлы университетіндегі оқу ерекшеліктерімен танысты. Алда – студенттер және түлектермен, оқытушылармен және жұмыс берушілермен сұхбат құрып, практика базаларына бару жоспарланған.