object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:41:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Дәстүр бойынша, бүгін Қазақстанда күздің бірінші күні білім күні аталып өтілуде. Ахмет Байтұрсынұлы алаңында бүгін осы мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кешегі 2600 талапкер алғаш рет студенттер мәртебесінде университет табалдырығын аттады. Жаңадан келген студенттер арасында «Алтын белгі» иегерлері, түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, мемлекеттік грант иегерлері және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер бар.

Биылғы жылы Қостанай облысындағы мектептер мен колледждер түлектерінің 50 пайыздан астамы Ахмет Байтұрсыновтың есімін мақтанышпен алып жүрген ірі өңірлік жоғары оқу орнының студенттері болғанын атап өту қуантарлық жайт.

Студенттерге ректор Сейтбек Қуанышбаев, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.

Айта кету керек, университет 140 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Биылғы оқу жылында Дүниежүзілік банктің «ҚР педагогикалық әлеуетін күшейту» жобасына қатысатын екі білім беру бағдарламасы – мектепке дейінгі білім беру және бастауыш білім беру бойынша алғашқы қабылдау өткізілді.

Алда жаңа оқу жылы, ал университет ұжымы алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Ең бастысы-сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Салтанатты бөлімнен кейін бірінші курс студенттеріне оқу корпустары бойынша экскурсиялар өткізілді, студенттік клубтардың оқытушылары мен белсенділерімен кездесулер өтті. Ал сабақтар 4 қыркүйек дүйсенбіден басталады.

Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

 

Қабылдау комиссиясы