ҚӨУ-де жаңа проректор!

Бүгін Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев ұжымға академиялық мәселелер жөніндегі  проректор – Эльмира НАУРЫЗБАЕВАНЫ таныстырды. ⠀

Эльмира Кенжеғалиқызы университетте өзін сауатты маман, талантты ғалым, өз ісінің кәсіби маманы ретінде танытты.

Соңғы жылдары ол Академиялық қызмет басқармасының бастығы қызметін атқарды. Тарих ғылымдарының кандидаты, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. ⠀

Сейітбек Бекенұлы әріптесін тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жұмыста табыс, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. ⠀

Тағайындалуыңызбен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы