object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 15:31:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (North West Agriculture and forestry university, NWAFU) аграрлық факультетінің деканы, профессор Shan Weixing бастаған қытай делегациясы жауап сапарымен келді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында ректор Сейтбек Қуанышбаев бастаған BAITURSYNULY UNIVERSITY делегациясы өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қою үшін Қытайдың үздік аграрлық университеттерінің қатарына кіретін Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетіне (NWAFU) барды.

Бүгін екі тарап Қостанай жерінде агрономия, ветеринариялық медицина, экология және биология саласындағы ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылау үшін кездесті. ҚӨУ-де жол картасы әзірленді, онда екі жоғары оқу орны да жұмыс істейтін барлық бағыттар көрсетілген.

Студенттер мен оқытушылардың дәстүрлі тағылымдамаларынан, академиялық ұтқырлық бағдарламасынан басқа, біз NWAFU-мен бірлесіп ҚӨУ базасында агроорталық құру туралы айтып отырмыз, онда тәжірибелік алаңда жаңа ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша түрлі зерттеулер жүргізілетін болады. Ол үшін ҚБҒЗИ базасында картоптың вируссыз тұқымдық материалының бірлескен зертханасы құрылады. Жақын арада ҚӨУ ғалымдары тағылымдамадан өту үшін Қытайға барады, ал 2024 жылдың мамырынан бастап зерттеу жұмыстарын бастайды.

Талқылау барысында тараптар ҚӨУ және NWAFU магистратурасының қос дипломды бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарын құру туралы келісті.

Бүгін қытайлық қонақтар университет, it - hab ғимараттарына барып, қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының зертханалары қалай жұмыс істейтінін көрді, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетіне барып, ЖОО оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

Қабылдау комиссиясы